Kazakh Language Learning Podcasts

Informações:

Synopsis

Kazakh Language Learning Podcasts form CeLCAR

Episodes

  • Kazakh podcast 032406

    24/03/2006 Duration: 03min

    Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алады? Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да көтерілген кезде Қазақстанда бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа-тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды наурыздың 22-сі күні таңғы сағат 3-те қарсы алады. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша наурыздың 21-і түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр - адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы. Қызыр түні - Жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде, үйде шырақ жағылып, есік айқара ашық болады. Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады. Таң ата көпшілік биіктеу төбенің басына шығып, таңды қарсы алады. Егер кімде-кім Ұлыстың күні сәтінде Күн шұғыласын маңдайымен тосып қарсы алса, оған Наурыздың құты дариды деген ұғымға сай Жаңа күнд

  • Kazakh podcast 031006

    10/03/2006 Duration: 03min

    «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінде жұрт күтпеген оқиға болды Лос-Анжелесте «Oscar» сыйлығын тапсырудың 78-інші рәсімі аяқталды. Биылғы салтанат «Трансамерика» киносына арналып жазылған музыканың сүйемелдеуімен өтті. Осы жолы музыка көп болды: әдетте кештің басында және аяғында ойналатын белгілі Oscar музыкасынан басқа, үздік музыка жүлдесіне ұсынылған 4 әуен ойналды. Бұл жүлдеге «Өркеш тау» фильміне жазған шығармасы үшін Аргентиналық сазгер Густаво Санталало ие болды. Жеңімпаз фильм аталады деп жария етілген «Өркеш тау» («Broke back mountain») фильмінің орнына Пол Хаггистің «Соқтығыс» («Crash») атты психологиялық триллері үздік фильм аталып, жұрт күтпеген жағдай болды. Ал атышулы «Өркеш тау» фильмінің режиссері Энг Ли үздің режиссер атағын иеленді. «Капоте» фильміндегі атақты жазушы Трумен Капотенің ролі үшін Филип Сеймур Хоффманн үздік актер жүлдесін алатыны бесенеден белгілі болса, «Сызықтан өту» «Walk the line» фильміндегі ролі үшін үздік актриса атағы Риз Уизерспунға берілді. Екінші қатардағы ү

  • Kazakh podcast 030306

    03/03/2006 Duration: 03min

    Ұлыбритания тарихындағы ең ірі тонау Ұлыбританияда полиция қызметкерлері сияқты киінген қылмыскерлер 50 миллионнан аса фунт-стерлингті ұрлап кеткен. Бұл АҚШ долларына шаққанда 90 миллионнан асады. Оқиға 22 ақпанда Кент графтығының Тонбридж қалашығында болған. Қылмыскерлер инкассаторлық қызмет көрсететін Securitas фирмасының ақша сақтайтын қорын тонаған. Ондағы ақша «Англия банкіне» тиесілі ақша екен. Олар ең әуелі фирманың директорын кепілге алған. Содан кейін ақша сақтайтын қорда жұмыс істейтін 15 қызметкерді қарумен қорқытып, қол-аяқтарын байлап тастаған. Айта кетер жәйт-қылмыскерлер қордың директорының әйелі мен баласын да кепілге алыпты. Тығырыққа таянған директордың тонаушылардың айтқанына көнуден басқа амалы қалмаған. Орталықтың қызметкерлері полицияға қылмыс туралы тонаушылар кеткеннен кейін бір сағаттан кейін ғана хабарлаған. Полиция осы қылмысты ашуға көмек берген адамға 2 миллион фунт стерлинг сыйақы төлейтінін жариялаған болатын. Тонбридждегі тонау Ұлыбритания тарихында ең ірі тонау.

  • Kazakh podcast 022406

    24/02/2006 Duration: 03min

    Би-би-си Қазақ Қызметі жұмысын тоқтатты Он жылға жуық әлем жаңалықтарын қазақ тілінде жеткізіп тұрған Би-би-си Қазақ Қызметі өз хабарларын алғаш рет 1996 жылдың 6-маусымында тарата бастады. 2005 жылы Би-би-си Дүниежүзілік Қызметінің басшылығы ұйымның 2010 жылға дейінгі стратегиясын жоспарлау барысында 10 тілде хабар таратып келген радио қызметтерді жабатынын жариялады. Қысқартылатын қызметтердің көбі негізінен Шығыс Европа тілдеріндегі қызметтер, солардың ішінде қазақ, тай және грек қызметтері де бар. Ұйым басшылығының айтуынша, бұл қызметтерді қысқарту талабы осы елдердегі жағдайдың толығымен өзгеру және теледидар мен интернет қызметтерінің кеңею себептерінен туындап отыр. Соның арқасында Би-би-си Дүниежүзілік қызметі араб тілінде жаңа теледидар ашпақ. Осы жаңа жоба іске сәтті асатын болса, онда араб тілінен кейін Иран мен Ауғанстанға арналған парсы тіліндегі телеарналар да ашылмақ. Сондай-ақ, орыс, испан, португал, хинди және урду тілдерінде тележаңалықтар хабарлары да дүниеге келуі ықтимал. Осыған орай 2

  • Kazakh podcast 021706

    17/02/2006 Duration: 03min

    Көптен күткен Турнин Олимпиадасының да алауы тұтанды Жұма күні кешке Италияның Турин қаласында ХХ Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы болды. Туринге келген 2,5 мың үмiткерлердiң арасында бiздiң жерлестер де бар. Спорттың жетi түрi бойынша сынға түсетiн қазақстандықтарға тек сәттiлiк тiлеймiз. Италия жарты ғасыр өткеннен кейін ойындар алауын қайта тұтатты. 80 елдiң спортшылары ендi бiр айға жуық Италия жерiнде өз шеберлiктерiн паш етедi. Италияның бағына біткен шаңғышы Стефанио Бельмондо Олимпиада алауын тұтатты. Ал стадионға Рим папасының алдын көрген алауды дүниежүзі түгел мойындаған адам алып кiруi тиіс болатын. Бұл құрмет тау шаңғысы спортының майталманы Альберто Томбаның маңдайына жазылыпты. Күміс көмей әнші Лучано Паваротти ән салғаннан кейін, Павароттидің жолын қуған 9 жасар Элеонора Белетти Италия мемлекетiнiң Әнұранын салғанда үш жолақты жалау Турин көгіне көтерілді. Сосын спортшылар шеруі басталды. Бұрын-соңды қысқы ойындарға 80 елден спортшы келiп көрген емес. Қазақтың көк туын Алексан

  • Kazakh podcast 021006

    10/02/2006 Duration: 03min

    Мұқағали Мақатаевтың туғанына 75 жыл Қазақ халқының біртуар ақыны, өлеңді өмірдей сезінетін әр адамның жақыны Мұқағали Мақатаевтың есімі әрқашан ел есінде. Ақиық ақынның туғанына 75 жыл толуына орай Талдықорғанда өткен әдеби – сазды еске алу кешінің «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» деп аталуы бұған толық дәлел. Мұқағали Мақатаевтың өмірден озғанына осы көктемде 30 жыл толады. Ал, оның ойлы өлеңдері мен тәтті жырлары талайды тамсандырумен келеді. Алашқа аты мәлім азаматтар оны ақиық ақын деп атады, ХХ ғасыр поэзиясындағы құбылыс ретінде бағалады. Халық айтқан теңеулер де көп, олар Қарасаздың қыраны, Алатаудың мұзбалағы, қазақтың мақтанышы деп тізбектеліп кете береді. Шығармалары әр жүректен орын алған ақынның өлеңдеріне жазылған әндер - сахнаның сәні. Талдықорғанда өткен «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кешке қала жастары көп жиналды. Ақынның ауылдас бауыры, замандас досы, белгілі ақын Еркін Ібітанов пен інісі, жазушы Төлен Қаупынбаевтың естелік әңгімелерін жұртшылық ұйып тыңдады. «Мен мәңгі өлмейтін ш

  • Kazakh podcast 020306

    03/02/2006 Duration: 03min

    Бүгін Дина Нұрпейісованың туғанына 145 жыл Бұл күнге айтулы шаралар жасалмағанымен, қазақ музыкасының біртуар өкілін еске алу - артында қалған ұрпақтың парызы. Атақты Құрманғазыдан бата алған Дина Нұрпейісова 1861 жылы Астархань облысында туып-өскен. Күйші-композитор Динаның шығармашылығында қазақтың домбыра өнерінің классикалық және жаңа заманғы үні үйлесім табады. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі қалпына келтіру кезеңдерінің куәсі болған өнер иесінің әр кезеңде шығарған күйлерін тыңдағанда-қиын-қыстау өтпелі заман мен кезеңдер арасындағы қарама-қайшылықтардың барлығын жан-жүрегіңізбен сезінгендей боласыз. Болмысынан күйші Дина Нүрпейісова «Бұлбұл», «Көген түп», «Байжұма». «Әсемқоңыр», «Тойбастар», «8-наурыз» бен «16-жыл» күйлерінде - қазақы күй сарынын сақтай отырып, оған жаңа дем беріп жандандырып отырған. 1974 жылы «Қазақтелефильм» киностудиясы Дина Нұрпейісова жайлы өмірбаяндық фильм түсірді. Таяуда (жуықта) ғана Дина Нұрпейісованың өз орындауындағы бірнеше күй енген «М

  • Kazakh podcast 012706

    27/01/2006 Duration: 03min

    Елбасы Санкт-Петерборда Бүгін Ресейдің Санкт-Петербор қаласында Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер басшыларының саммиті өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Мемлекет басшысы осы сапар барысында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Елбасының биылғы сыртқа сапары да Ресейден басталды. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Экономикалық қауымдастықтың мәжілісі басталмай тұрып, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен жеке жүздесті. Осы кездесуде Қазақстан-Ресей арасында жаңа екі құжатқа қол қойылатыны белгілі болды. Оның біріншісі - Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен мәлімдеме, екіншісі - Каспий теңізінің солтүстік бөлігі табанының ара-жігін ажырату жөніндегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама. Ал, Еуразиялық Экономикалық қауымдастықтың кезекті мәжілісі негізінен, ұйымға Өзбекстанның мүше болуын заңдастыру мәселелеріне арналды. Сонымен осыдан бес жыл бұрын құрылған ұйымға мүше мемлекеттердің с

  • Kazakh podcast 012006

    20/01/2006 Duration: 03min

    сетеді. Себебі, осы сала ең сенімді адамға берілді. Және екіншіден, Ермұхамет демократиялық сипатта да, халықаралық деңгейде де ойнай алатын адам. Ал, ұлттық мәселеге келгенде Ермұхаметтің келгені мені қуанта қоймайды. Оның ұлттық позициясын мен осы уақытқа дейін әлі көрген жоқпын. Қалған 10 министр орындарын ауыстырған жоқ. Бақылаушылардың айтуынша, бұл жолы да көптеген министрлер үкіметтен мүлдем кетпей тек орындарын ауыстырды.

  • Kazakh podcast 011306

    13/01/2006 Duration: 03min

    Тағы да діни мерекелер туралы Бүгін Алматыда «Қазақстандағы конфессияаралық келісім – Алматы қаласының мысалдары негізінде» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын Мұсылмандар мен православ христиандарының діни мерекелеріне демалыс беру туралы Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңына енгізілген толықтырулар негізінде болды. Оған негізгі діни конфессиялар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, дінтанушылар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері қатысты. Көп ұлттылығымен ғана емес, алуан түрлі діндердің еркін уағыздалуымен ерекшеленетін мемлекетіміз осы тұрғыда тағы бір iлгерi қадам жасады. Күні кеше ғана Қазақстанда, дүниежүзінің түрлi діни конфессиялары бас қосып салиқалы жиын өткiзген едi, ал бүгін еліміздің негізгі діндерін уағыздаушы мұсылмандар мен православ христиандары үшін ерекше күн. Мұсылмандардың Құрбан айты мен православ христиандарының Рождество мерекелеріне мемлекеттік мәртебе берілді. Нағима Байтенова, философия ғылымдарының докторы былай дейді: - Осы жетістігіміз арқылы біз халықаралық деңгейде де мә

  • Kazakh podcast 010606

    06/01/2006 Duration: 03min

    Газ. Қазақ пен өзбек келісімге келді Өткен жылдың 29-желтоқсанында Ташкентте “Қазмұнайгаз”, “Қазтрансгаз”, “Интергаз Орталық Азия” компанияларының басшылары Өзбекстан премьер-министрі Өткір Сұлтановпен, “Өзбекнефтегаз” бен “Өзтрансгаз” компанияларының жетекшілерімен кездескенін, онда Қазақстанның оңтүстік аймақтарына газ жеткізіп беру мәселесі бойынша келіссіздер жүргізілгені туралы бұған дейін хабарлағанбыз. Кездесу қорытындысы бойынша “ҚазТранГаз” бен “ӨзТрансГаз” арасында 2006 жылы Өзбекстан Қазақстанға жалпы көлемі 1,6 миллиард текше метр газды әр мың текше метрін 55 АҚШ долларынан жеткізетіні туралы келісімге қол қойылды. Өзбекстан Тәжікстан мен Қырғызстанға да табиғи газды дәл сондай бағамен сататын болып келісті. Бір айта кетері, келіссөздер жүріп жатқанда ТМД елдері аумағында газ қымбаттап, Әзiрбайжан мен Грузия көгілдір отынның мың текше метріне 100 АҚШ доллар ұсынып, Ресей Украинадан 230 АҚШ доллар сұрап жатты. Қазақ-Өзбек келіссөздері барысында Қазақстанның оңтүстік аймағына өз газын жеткізу арқы

  • Kazakh podcast 121605

    16/12/2005 Duration: 03min

    Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ертең еліміздің ең ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің жеке мемлекет болып шаңырақ көтергенін әлемге жария еткен. Содан бері міне 14 жыл өтті. Бүгін Астанада осы мерекеге арналған салтанатты шара өтті. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған еркін ел, тәуелсіз мемлекет болғанымызға 14 жыл болыпты. Тарих таразысына тартқанда қас-қағымдай мезгіл болғанымен, осы мерзімде Қазақстан халқының жүріп өткен жолы, өткен кедергілері, жеңген қиыншылықтары мен жеткен жетістіктері жүз жылға бергісіз. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жетістіктерді былай деп қорытындылайды: - Біз тәуелсіздік жылдары ең алдымен, ашық жатқан шекарамызды айқындадық. Екіншіден, ұлттар арасындағы келісімді сақтадық. Үшіншіден түбегейлі реформаны жүзеге асырдық. Төртіншіден, елдің саяси әлеуметтік жаңару ісін қолға алдық. 14 жылдың ішінде әлемге әйгілі мемлекет болып, ТМД бойынша ең үздік үлгі деп танылған экономикалық реформаларды жүзег

  • Kazakh podcast 121205

    12/12/2005 Duration: 03min

    Бейсенбі күні 19 - тамыздағы сенат сайлауының қорытындысы бойынша сайланған депутаттар жұмыстарына кірісті. Үшінші шақырылымдағы бірінші сессияның алғашқы отырысын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарды. Күн тәртібіндегі мәселе жаңадан спикер және оның орынбасарын тағайындау болды. Мемлекет басшысы спикерлікке Нұртай Әбіқаевтың кандидатурасын қайтадан ұсынды. Сенаторлар бір ауыздан қолдап дауыс берді. Қайтадан спикер болған Нұртай Әбіқаев өзінің орынбасарлығына бұрынғы Төтенше жағдайлар жөніндегі министр болған Мұхамбет Көпеевті ұсынды. Осыған дейін саяси сарапшылар арасында келесі спикер болып тағайындалған адамды қазіргі президенттің болашақ орнын басатын адам ретінде қарау керек деген пікірлер айтылған еді. Нұртай Әбіқаев шын мәнінде Нұрсұлтан Назарбаев өзінің орынтағына қалдырып кететін тұлға ма?